Хабар телеарнасы

Иранда 167 жолаушысы бар украиналық ұшақ апатқа ұшырады

Ukraina ushak apaty

Boeing 737 ұшағы Тегерандағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңына құлаған. Белгілі болғандай лайнер әуеге көтерілген соң көп ұзамай байланыс үзілген. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, PS 752 рейсі Тегераннан жергілікті уақыт бойынша сағат 05:15-те ұшып кетуі тиіс болған. Бірақ рейс бір сағатқа кешіктірілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.