Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
- Категория: Ауа райы
Қазақстан территориясы антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыста атмосфералық фронттардың өтүіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр найзағаймен болады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте және шығыста түнде және таңертен кей жерлерде тұман болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауылмен соғады.