Хабар телеарнасы

Алматының орталығына ескі көлік ақы төлеп кіруі мүмкін

Осылайша шаһарда дүние жүзіндегі ірі мегаполистердің үлгісімен шығарынды деңгейі төмен аймақ құру жоспарланып отыр. Мұны бүгін қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Бастама жуырда қоғамдық кеңес пен мәслихаттың талқылауына ұсынылады. Сондай-ақ мегаполисте қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту үшін LRT мен тағы бірнеше метро бекетін салу жоспарда бар.

Ерболат Досаев, қала әкімі:

-2025-2027 жылдар аралығында мегаполисте ауаның ластануын азайту үшін экологиялық бағдарлама жүзеге асырылады. Биыл жаздан бастап автотұрақ бағасын көтерсек дейміз. Бұл әлемнің басқа мегаполистеріндегі тәжірибе көрсеткендей, қала орталықтарындағы ескі көліктердің санын азайтуға көмектеседі. Оған қоса, шығарынды деңгейі төмен аймақтар құруды көздеп отырмыз.