Хабар телеарнасы

13 сәуірден бастап Павлодар облысында карантин режимі енгізіледі

karantin

Азаматтардың жүріп-тұруы және кейбір қоғамдық маңызы бар нысандардың жұмысы бойынша қойылатын шектеулер 13 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Бұл шешімді Павлодар облысының Бас санитарлық дәрігері коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында қабылдады.

Шектеу шаралары мыналардан тұрады:

• Облыстың, қалалардың, аудандардың және ауылдық аймақтардың аумағына көліктер мен адамдардың кіруіне (шығуына) тыйым салу;

• Бұл шектеулер халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне;

• медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін, карантинді енгізу кезеңінде стационарларда емделіп жатқан, карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдарға;

• шұғыл мамандандырылған көмекке мұқтаж азаматтарға;

• карантиндік шараларды орындау шартымен, растайтын құжаты болған жағдайда жақындарының қайтыс болуына байланысты кететін/келетін адамдарға;

• растайтын құжатты ұсынған жағдайда көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын, байланыс объектілерінің қызметін жүргізуге тартылған азаматтарға қатысты емес.

Адамдар мен көліктердің қозғалысы облыста, қалаларда, аудандарда және ауылдық аймақтарда орамдар мен секторларға бөле отырып, бақылау-өткізу бекеттерін орнатумен шектеліп, реттелетін болады.