Хабар телеарнасы

Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды

Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды

Оның ішінде балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бір медицина қызметкері, 22 адам індет жұқтырған адаммен байланыста болғандар екен.

Кеше коронавирустық инфекция расталған тағы бір пациент көз жұмды. Бұл 1960 жылы туылған пациент 8 сәуірден бастап жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде орталық қалалық клиникалық ауруханасында провизорлық бөлімшесінде емдеуде болды. Алынған талдаулары оң нәтиже берді.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке ала отырып, COVID-19-дан 330 пациент емделуде.

Провизорлық госпитальдарда​ 368 адам, оның ішінде​ жетеуі​ бала, карантиндік оқшаулауда​ 426, үй карантиніне​ 7 288 адам алынды.

Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған барлығы 393 жағдайы тіркелген, оның ішінде алтауы балалар​ және​ төрт жүкті әйел.