Хабар телеарнасы

Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезінде қазақстандықтарды президенттік қолдау шаралары жүзеге асырылып жатыр

Memlekettik koldau

Олардың 300 мыңға жуығы — халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының өкілдері.

Бүгінге дейін банктер мен шағын несие ұйымдарына қазақстандықтардан қарыз және несие төлеуді уақытша тоқтатуға 1,8 млн-ға жуық өтінім келіп түсті.

Өтініштердің 90% орындалды, қалғандары қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар 13 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі несие төлемдерін кейінге қалдыру үшін жүгінді. 138,8 млрд теңге сомасына 11 561 шағын және орта бизнес субъектісінің өтінімі мақұлданды.