Хабар телеарнасы

Ұлы Жеңіске 75 жыл: 1945 жыл 6 мамыр жылнамасы

Олар шабуылды жалғастыра отырып Берген, Гарц, Путбус, Засснитц қалаларын, сондай-ақ солтүстік-батыс және батыстағы Зандау, Вулькау, Клитц ірі елді мекендерін басып алды.

6 мамырда Прагаға екпінді шабуыл жасауға бұйрық берілді. Артиллериялық дайындықтан кейін негізгі күш айқасқа кірісті. Оның ішінде 3-ші, 4-ші гвардиялық танк әскері, 25-ші, 4-ші гвардиялық танк корпустары болды. Кеңес әскері 23 шақырымға алға жылжыды. Прага операциясына Польша әскерінің 2-ші армиясы, 1-ші және 4-ші румындық әскер, 1-ші чехославакиялық әскер корпусы да қатысты. Ал Бреслау бекінісіне 18 сағат башылық еткен генерал Никгоф жаудың 40 мыңдық қолы бар гарнизонын тізе бүктірді.

4-ші Украин майданы әскері, Моравск Остраваның батыс, оңтүстік-батыс қалаларын шабуылдады. Осы айқас нәтижесінде Зандау, Вулькау, Клитц қалалары, жау қолынан босатылды. 2-ші Украиндық майдан әскері, Брноның солтүстік-шығыс қалаларында жүргізген қимылдар, сәтті өтті. Коетин мен Фриштан қаласы, Мартинице, Гулин елді мекендері азат етілді. Жеңіс күніне, 3 күн қалды.