18:00Эфирде: Новости. Итоги дня
19:00Әрі қарай: Қорытынды жаңалықтар. Біздің мақсат
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Ақмола облысы халқының 60% жуығы цифрлық телеарналарға қосылды

  • Категория: Қоғам
Ақмола облысы халқының 60% жуығы цифрлық телеарналарға қосылды

254 елді мекендегі 420 мыңнан астам адам отандық 30 телеарнаны сапалы әрі тегін тамашалай алады.

Ал ауылдағы ағайынға 15 арна қолжетімді. Ол үшін аймақта 8 телерадио станция салынған. Цифрлық телеарналардың тағы бір ерекшелігі бейне HD форматта көрсетіледі. Әзірге елімізде тек екі арна цифрлық телехабар таратуға көшті. Соның бірі — «Хабар» арнасы. 

Серік Оспанов, «Қазтелерадио» АҚ облыстық Дирекциясының директоры: 
-Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрығы бойынша облысты цифрлық эфирлік телеарналарға көшіру 2025 жылға дейін жалғасады. Ол үшін аймақта тағы 23 телерадио станциясы салынады. Ал бұл өңір халқының 92% сапалы телехабарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ...