Хабар телеарнасы

Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасына қатысты экономикалық сот шешім шығарды

Яғни жөндеудің ұзаққа созылуына медициналық мекеменің әкімшілігі кінәлі. Естеріңізге салайық, балалар ауруханасын жөндеу жұмыстары 2020 жылдың шілде айында басталған. Содан бері сырқаттанып қалған балалар әр жерде, басқа бөлімдерде ем қабылдауға мәжбүр. Күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 млрд 200 млн теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарының тоқтап тұрғандығына бір жыл болды. Себебі мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы тартыс шешілер емес. 

Зәуре Едікова, облыстық соттың баспасөз қызметінің басшысы:
- «Вершина» жауапкершілігі серіктестігін жауапсыз деп тану туралы қарсы тараптың шағымы қанағаттандырылған жоқ. Сот мердігердің келтірген дәләл-дәйектерін орынды деп тапты. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.