Хабар телеарнасы

Қарлаулықтар туған жерді көркейту үшін жұмыстанып жатыр

Тіпті, баспанамен қамтып, иелігіне бірнеше мал бермек. Қарлау – Хромтау ауданына қарасты шағын ауылдардың бірі. Тоқырау кезеңінде тұрғындардың көбісі көшіп кеткен. 30 шақты үйі бар елді мекенде 150-ге жуық азамат тұрады. Ауылда малшы, тракторшы, механизатор, ветеринар секілді мамандар жетіспейді. Жұмабай Бекмағамбетов Қарлау ауылында туып-өскен азаматтардың бірі. Осыдан екі жыл бұрын өз қаржысына мектеп салып берген. Жергілікті амбулаторияның да қызмет етуіне жағдай жасаған. Енді әр үйге ауыз су мен газ желісі жетсе деген тілегі бар.

Жұмабай Бекмағамбетов, кәсіпкер:
-Басты мақсатым Қарлау елді мекенін құлатпау. Осы ауылға көшіп келемін, осы ауылға орнығамын, тұрамын деген адамдар болса, оларды қарсы аламыз. Мен өзім сол шаруа қожалығының атынан 1 сиыр, 10 қой көтермесін берем. Жаңа осында бос тұрған үйлер бар. Солардың сатып алып беруіме жағдайым бар енді. Келесі жылға сол бір амандық болса үй саламын деген ойым бар.