Хабар телеарнасы

Қабанбай батырдың жерленген жерін көрсететін карта табылды

Қатысушылар зерттеуші Серікбосын Сайдағалидың сөзіне сілтеме жасай отырып, 18 ғасыр картасында Ресейдің географиялық аймағы бейнеленгенін айтады. Сол картада Қабанбай батыр соңғы жылдары өмір сүрген және жерленген деген ұлыс көрсетілген. Ғылыми ортада жерленген жері туралы бірнеше нұсқалар бар. Біреулер оны Астанадан 30 шақырым жерде, енді біреулер Қызылорданың тұсында жерленген деп болжайды. Тіпті оның бейіті Қытайда деген пікір де бар. Ал батырдың сегізінші ұрпағы, белгілі ғалым Ұлықпан Сыдықов атадан-балаға жеткен мағлұматқа сүйене отырып, арғы атасының Шығыста-Алакөлдің жоғарғы жағасы, Жоңғар қақпасының сол жағында жерленгенін айтады.

Ұлықпан Сыдықов, Қабанбай батырдың ұрпағы:
-Қабанбай батыр қазақ халқының тарихында ойып алатын орны бар ерекше тұлға. Ол кісі 78 жыл өмірін осы халыққа арнаған адам. 103 рет жекпе-жекке шығып жеңген. Абылайдың тұсында хан батыр, бас батыр, дарабоз атанған керемет адам. Ел болғаннан бері қарай кімнің-кім екенін тани бастағаннан бері Қабанбайдың даңқын Абылаймен бірге көтеріп жатырмыз.