Хабар телеарнасы

Түркістан облысында құрылысы 10 жылға созылған жерасты өткелі әлі бітер емес

Бастапқыда мердігер өткелдің төбесі опырылып, содан кешігіп жатырмыз десе, қазір құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқанын жауаптылар құрылыс компанияларының ауысуымен байланыстырады. Айтуларынша, бастапқыда тендерді ұтып алған ирандық компания, банкротқа ұшырап, жұмысты соңына дейін жеткізбей кетіп қалған. Алайда ауыл тұрғындары қазір бұл нысанға емес, балаларының қауіпсіздігіне алаңдайды. Сондықтан мектепке оларды өздері апарып, әкелуге мәжбүр. Халықаралық дәлізбен жүретін көліктер де әлі күнге Шақпақ баба ауылының ішінен өтеді.

Дінмұхаммед Омар, оқушы:
-Жас балдар көп бұл жерде, ойнап шығып кетеді. Одан кейін жол апаты көп болады бұл жерде. Кешке кішкентай сыныптар оқиды. Жетіден кейін келеді олар. Қараңғы батып қалған кезде келеді. Сол қауіпті кішкене.

Жандос Егембаев, Автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы:
-Бұл компания 2018 жылы бастады. Шарт бойынша негізі 2021 жылы берілуі керек еді. Алайда мынау халықаралық ковид пандемиясына байланысты көп заттар мынау тоннельдің ішіндегі шетелден келетіндіктен сәл кідіріс болды. Енді қазір 2023 жылдың соңында берілетін болады.