Хабар телеарнасы

СҚО-да 4 гидротехникалық нысанның жағдайы сын көтермейді

Тағы екеуі апаттық жағдайда. Ол Шарық су қоймасы мен шалғайдағы Қаратал ауылындағы «Сегіз көз» су өткізу көпірі. Соңғысына 2018 жылы бюджеттен 100 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ ол бір жылға жетпей көктемгі тасқын кезінде сыр беріп, құбырларды су шайып кеткен еді. Сотта жұмыстың сапасыз жасалғаны дәлелденді. Облыс орталығы Петропавлда да жағдай мәз емес. Қаладағы шеткі көшелердің бірінде су өткізу құбырлары жоқ. «Сонымен қатар биотоғанның темірбетон плиталарын ауыстыру керек», дейді — мамандар.

Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
-2017 жылы болған тасқыннан кейін биотоғанның жан–жағын күшейту жұмыстары жүргізілді. Бірақ жұмыс әлі қабылданбады. Қазір судың деңгейі едуір түсті. Соңғы жылдары ол ернеуінен асқан жоқ.