Хабар телеарнасы

ШҚО-дағы екі су бөгеті апатты жағдайда тұр

Ал Шығыс Қазақстан облысындағы екі су бөгеті апатты жағдайда тұр. Қазір оларды жаңғырту үшін арнайы жоба әзірленіп жатыр. Алдағы үш жылда Үйдене су қоймасы мен Қандысудағы бөгет жөнделеді. Бүгінде өңірдегі 130 гидроқұрылыстың 89-ы тозған. Аймақта су тасқыны қаупі жоқ. Таулы аймақтағы өзен, көлдердің және су қоймаларының толу деңгейі 60% аспайды. 

Нұржан Әміржанов, «Қазсушар» РМК ШҚО филиалының директоры: 
-Биыл біз көпфакторлы жұмыстар атқарған болатынбыз. Солардың нәтижесінде Үйдене су қоймасы қазір апатты деп танылды. Енді қазір бізді 35 млн куб су бар ішінде. Соны тастау жұмыстарын бастап жатырмыз. Секундына 28 метр куб сбросты жасап отырмыз.