Хабар телеарнасы

Түркістанда 153 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Тәртіп сақшылары көлік иесін тоқтатып, тексеру барысында ірі көлемде айыппұлы бар екені белгілі болған. Жауапсыз жүргізуші жылдамдықты бірнеше мәрте арттырып, рұқсат етілмеген орынға көлігін қойған және ақылы жолақысын төлемеген. Сонымен қатар банк алдында берешегі бар және алимент төлеуден жалтарған борышкер екені анықталған.

Гүлнәр Әбдужаппарова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Автокөлік айып тұраққа қойылды. Айта кетсек, соңғы 1 айда түркістандық полицийлер «Қорғау» бағдарламасы арқылы айыппұлы бар 100-ге жуық автокөлік анықталып, айып тұрағына қойды.