Хабар телеарнасы

«Дастиш фантастиш» атты жаңа кинокартинаның тұсауы кесілді

Неміс баласы не үшін Берлиннен Бүрленге келді?

Елдегі ең үлкен моллында «Апорт» Kinoplexx 7 кинозалында «Дастиш фантастиш» фильмінің таныстырылымы өтті. Отбасылық комедияның қысқаша желісі мынадай: Жүніс есімді азамат 80-ші жылдардың соңында Германия жерінде әскери борышын өтеп жүргенде неміс қызымен танысып, араларында махаббат шоғы маздайды. Сол қыздан баласы барын Жүніс 30 жылдан кейін Вольдемардың өзі іздеп келгенде бірақ біледі.

Жандос Еспенбет, фильмнің қоюшы-режиссері: 
-Бізге ең қиын болғаны Жүністің баласы неміс баласын табу қиын болды. Бірақ бізге қуанышымызға орай неміс театрынан Израиль Беркман деген талантты жақсы актер табылды. Түр-тұлпаты бәрі ұқсайды Жүніске. Сөйтіп главный геройлармен біз шатаспадық деп ойлаймын. Сәтті болды.

Иә6 бұл фильмге тек жастар ғана емес сахна төрінде көрерменді күлкіге бөлеп жүрген Жүсіп Ақшора мен Қуандық Шәкіржанов секілді тәжірибелі актерлар да түскен екен.

Жазира Еркін, актриса: 
-Бұл бір керемет кино деп айтуға толықтай негіз бар. Демалыс күндері не болмаса, жұмыстан шаршап келсеңіз, отбасыңызбен, жора-жолдастарыңызбен күліп отырып көретін көңілді фильм деп айтар едім.

Фильмнің негізгі түсірілімі Түркістан облысы Түлкібас ауданы Балықты ауылында өткен. «Түсіру жұмыстары 25 күнге созылды», – дейді режиссерлер. «Дастиш фантастиш» отбасылық комедиясы бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеарларында көрсетіле бастайды.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Валентин Лобанов