Хабар телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев құттықтауында: «Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әлем қартасына Қазақстан атын ойып жаздық. Сол сәттен еліміздің жаңа тарихы басталды. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз айтарлықтай өсіп-өркендеді, айтулы жетістіктерге жетті. Біз елдігіміз бен егемендігімізді нығайтып, шекарамызды бекіттік. Бәсекеге қабілетті, нарықтық экономикаға көшіп, мемлекетімізді аяққа нық тұрғыздық. Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды», – делінген.