Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында референдумға 700 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланған

Қазір өңірде саяси науқан алдындағы халықпен кездесу, конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру шаралары жүріп жатыр. Өңірге «Amanat» партиясы арнайы республикалық штабының мүшелері барды. Олар бірқатар жоғары оқу орнының студенттері, мектеп мұғалімдері және медицина саласының қызметкерлерімен кездесті. 5 маусым күні өтетін референдумға қатысты жұрттың пікірін тыңдап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді. Өңірдегі кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшылар да назардан тыс қалмады. 

Берік Уәли, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

- Конституцияға енгізіліп отырған 33 өзгеріс, баптың барлығы да соңғы жылдары халықтың арасында жиі талқыланып, осылай неге болмайды деп жүрген мәселелердің барлығын қамтып халыққа ұсынып отыр. Сол себепті мұның барлығын біз халықпен кездескенде айтып, тәтпіштеп түсіндіріп жеке-жеке сұрақтарға жауап беріп отырмыз.