ҚР Президенттігіне Кәсіподақтар федерациясы атынан ұсынылған Аманкелді Таспихов жалпы сайлаушылардың 1,41% дауысын жинады.
Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды штабы да саяси науқанның барысын күні бойы жіті бақылап отырды.
«Ақ жол» партиясы атынан президенттік сайлауға қатысқан Дәния Еспаева да қоғамдық ұйымдардың алдын ала жүргізген сауалнама қорытындысының шығуын өз жақтастарымен бірге отырып күтті.
Саяси тартысқа екінші рет түсіп отырған Жамбыл Ахметбеков сайлаудың алдын ала нәтижелерін өз қолдаушыларымен бірге тамашалады.
Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында еліміздегі 11 млн-нан астам сайлаушының 77,4% дауыс берді.
Бұл – тәуелсіз қазақ жұрты ел тыныштығы мен ұрпақ қамы үшін жұмыла топтасып, бір мақсат, бір мүдде жолында бірлесе қадам жасаған күн.
Дегенмен өңірлерде сайлаушылар әлі өз учаскелеріне барып, таңдау жасауда.
2 млн-нан аса тұрғыны бар Түркістан өңірінің сайлаушылары қай кезде болсын белсенділік танытып, азаматтық борышын өтеп дауыс береді.
2005 жылы президенттік сайлауға апасымен еріп келіп, әсер алған жас жігіттің көптен бергі арманы орындалды.
Санаулы минуттардан кейін еліміздің көпшілік өңірінде сағат 20:00-де сайлау учаскелері жабылып, бюллетеньдерді санау басталады.
Кенді аймақта сайлау қалай өтіп жатыр, сайлаушылардың белсенділігі қандай?
Сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті ел бойынша 29 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскері қамтамасыз етуде.
Соңғы мәлімет бойынша қазір қазақстандық сайлаушылардың 65% астамы дауыс берген.
Еліміздің жер-жердегі сайлау учаскелерінде саяси дода барысын назарда ұстап отырған халықаралық байқаушылардың пікірі осындай.
Қазақстан-Түрікменстан шекарасы мен Каспийдегі Құлалы аралында орналасқан застава сақшылары да өз таңдауын жасады.
Туысқан елдегі азаматтарымыздың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары деңгейде.
ШҚО-да дауыс беру қызу өтіп жатыр.
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин өз таңдауын жасады.
Алматы облысының тұрғындары бүгінгі кезектен тыс Президент сайлауына өте белсенді қатысуда.
Өзбекстандағы №267 сайлау учаскесінде сайлаушыларды қабылдау жұмысы таң сәріден басталды.