Хабар телеарнасы

Питчинг

«БІЗ БІРГЕМІЗ!»
ӘЛЕУМЕТТІК ВИДЕОРОЛИКТЕРІ
СЦЕНАРИЙЛЕРІНІҢ ПИТЧИНГІ

Өтетін уақыты: 2021 жылдың 13 қыркүйегі мен 28 қыркүйегі аралығы

1-кезең: 2021 жылдың 13-25 қыркүйегі – Питчинг сайтында Питчинг материалдарын ұсына отырып онлайн-қабылдау.

2-кезең: 2021 жылдың 28 қыркүйегінде «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 21-қабатында Питчинг идеяларын көпшілікке таныстыру, соның қорытындысындатақырыптық бағыттар бойынша жеңімпаздар анықталады.

Питчинг қатысушыларыПитчингтің дайындығына кететіншығындарын өздері өтейді.

Ел, қала: Қазақстан

Ұйымдастырушылар «Хабар Агенттігі» АҚ

Сипаттамасы: Питчинг әлеуметтік бағыттағы видеороликтерге үздік сценарийлерді іріктеу және оларды әрі қарай «Astana Media Week-2021» халықаралық көрмесіне ұсыну мақсатымен ұйымдастырылады.

Питчинг бағыты: Отбасылық құндылықтар, экология, қаржылық сауаттылық

Питчингтің демеушілері: «Сбербанк» акционерлік қоғамының еншілес банкі, «ҚазАзот» акционерлік қоғамы мен «Қорғау Астана» жекеменшік қоры

Әділқазылар төрағасы: «ЕлАрна» телеарнасының директоры Қамназарова Камила Аскарқызы.
Әділқазылар құрамы:

1) «Хабар» арнасының бағдарламалық директоры - Қабылдина Інжу;
2) ДМСиД директоры – Түсіпбеков Данияр
3) «Хабар» арнасының шеф-редакторы – Тұрысбек Айдос
4) «Хабар» арнасының шеф-редакторы - Алькешова Галина

Питчингтің үш тақырыптық бағыты бойынша сыйақы қоры: 3 000 000 (үш миллион) теңге және эфирде көрсету

Қатысу талаптары: Питчинг– ашық жоба, оның негізінде әлеуметтік видеороликтің үздік үш сценарийі үшін байқаушылар арасындағы талас жатыр, ал ол өз кезегінде креативті медиа саласында таланттар мен жаңа есімдерді тануға мүмкіндік береді.

Питчинг– жаңашылдықты, жасампаздық пен сценарий жобаларының өзектілігін жеткізуді мақсат тұтатын ерекше идеялардың таныстырылымы.

Питчингке ұсынылатын негізгі талаптар:


1. Питчинг отбасылық құндылықтар, қаржылық сауаттылық сияқты әлеуметтік тақырыптарға бағытталған идеядан, тұжырымдамадан және сценарийлерден тұруы керек;

2. Питчингке қатысқанға дейін сценарий жобасы өзге жобаларда жарық көріп немесе жүзеге асырылған болмауы керек;

3. Питчинг қатысушыларына ұсынылған жобалар авторлық құқықтардан тазартылған болуы тиіс, олар Ұйымдастырушыларға беріледі;

4. Питчингпен оның материалдарын желі арқылы Интернетте, тасымалдаушылар (аудиокассеталар, компакт-дискілер, мини-дискілер, флеш-карталар және т.б.) арқылы дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуге немесе өзге де жолдармен таратуға тыйым салынады.

5. Питчингтің бекітілген форматы жоқ, бұл қатысушыларға өздерінің ерекше идеяларын жүзеге асыруда еркіндік береді. Дегенмен Питчингті ролик ретінде ұсынатын кезде мынадай шектеулер бар:

1) видеоролик MOV немесе MXF форматында

2) видеоның ұзақтығы 2 минутқа дейін,

3) стандарт FHD,16:9.


6. Питчингке Қазақстан азаматы болып табылатын 18 жасқа толған жеке тұлғалар, немесе Қазақстан аумағында заңды түрде өмір сүретін шетелдіктер, немесе Питчингке қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғалар қатыса алады.

Питчингтің 1-кезеңі:

Питчингке қатысу үшін 2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап қатысушылар онлайн-өтініш бере алады, оған мыналар кіреді:

1) Қатысуға арналған анкета

2) Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесі;

3) Қатысушының орындауымен цифрлық жарияланымға мүмкіндік беретін форматта жазылған Питчингтің аудио-видео таныстырылымдарының материалдары.

4) Қажет болған жағдайда Қатысушылар өз өнерінің видеожазбасының сілтемесін қоса бере алады. Видеожазба кез келген бұлтты сақтауда (мысалы: YandexDisk, GoogleDisk және т.б.) орналастырылып, қабылдау уақытының соңына дейін қолжетімді болуы керек.

5) Питчинг пен оның материалдарына бұл туындылардың тұпнұсқа және олар Қатысушының зияткерлік/шығармашылық еңбегінің жемісі болып табылатынын растайтын авторлық құқығының кепілдігін растау. Ол қатысу туралы анкетада жазбаша толтырылады.

Қатысушыларды іріктеу:

1. Питчинг қатысушыларының өтініштері Ұйымдастыру комитетімен қаралады.

2. Өтініштерді қарау нәтижесінде Питчинг идеясының әлеуметтік бағытына сәйкес келетін әрі ең ерекше алтыдан кем емес сценарий іріктеледі.

3. Қатысушының келесі кезеңге өткені туралы хабарлама оның анкетасында көрсетілген электронды поштасына жіберіледі.

4. Егер жіберілген өтініш Ережелердің талаптарына сай болмаса, өтініш қаралмай, кері қайтарылады.

5. Қатысушының анкетадағы мәліметтері шындыққа сай келмеген жағдайда, Ұйымдастыру комитеті оны Питчингке қатыстырмауға құқылы.


Питчингтің 2-кезеңі:

1. Ұйымдастыру комитеті бірінші кезең қорытындысы бойынша келесі кезеңге өткен қатысушыларды Питчинг презентациясын тыңдап, жазуға шақыртады.

2. Презентация«Қазмедиаорталығы»ғимаратында өтеді, мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 4, 21-қабат.

3. Сөз сөйлеу тәртібі байқауға 1 күн қалғанда өткізілетін жеребе тарту рәсімі арқылы анықталады.

4. Питчинг финалындағы сөз сөйлеу сахнада, әділқазылар алдында өтеді, сол бойынша жеңімпаз анықталады.

5. Ұйымдастыру комитеті алдағы уақытта жаңалық сюжеттері немесе т.б. арқылы өзінің телеарналарының эфирінен көрсету үшін телевизиялық жазба жасай алады.

Толық ақпарат алу үшін тел. +7 (7172) 757-650


Көшіруге арналған материалдар:

1. Питчинг туралы ереже