Хабар телеарнасы

Қайрат Атакелдиев

Қайрат Атакелдиев

1968 жылы 10 ақпанда Алматы облысы Шілік ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1989 жылы «Қазақфильмде» жарық беруші және дыбыс операторы болып бастаған.

«Хабар» арнасы негізі қаланғаннан бастап оператор болып еңбек етеді. Мемлекет басшысы қатысатын барлық маңызды іс-шараларда аға оператор ретінде түсірілімді басшылыққа алады.

Елбасы және «Хабар» Агенттігі» АҚ басшылығы атынан алғыс хаттармен марапатталған. Қазіргі уақытта «Хабар» Агенттігі Алматы филиалының аға операторы.