Хабар телеарнасы

Агенттік


«24KZ»

«24KZ»

2012 жылы 1 қыркүйекте Қазақстандағы тәулік бойы жұмыс істейтін тұңғыш ақпараттық арна - «24KZ» өз жұмысын бастады, ал 2016 жылдың 1 қыркүйегінен ол «Хабар 24» деген жаңа атаумен эфирге шықты. Құрылғанынан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамындағы «24KZ» арнасының атын ауыстыру – Агенттікті қайта жаңғырту аясындағы шаралардың бірі. Арна эфирінде сапалы сараптамалық бағдарламалардың қатары ұлғайып, репортаж жанрындағы бағдарламалардың үлесі артты, сондай-ақ аймақтардың тыныс-тіршілігі туралы жобалар көбейді. Жаңалықтардың жаршысы болып табылатын арнаның дәстүрлі айдарлары: экономикалық, спорттық және халықаралық шолулар, баспасөзге шолу, арнайы авторлық репортаждар мен көптеген басқа да салалардың саны артты.

Арна Қазақстандағы ақпараттық арналардың ішінде аймақтық және халықаралық тілшілер қосынының көптігімен ерекшеленеді. «24KZ» телеарнасының эфирінде 100% отандық өндірушілердің жобасы көрсетіледі, оның ішінде, ақпараттық-танымдық және сараптамалықтар бағдарламалар көп. Телеарна аудиториясын 25 жастан асқан көрермендер құрайды. «Хабар» агенттігі «24KZ» арнасымен бірге Euronews Network-тің серіктесі болып табылады. Бұл екеуара жаңалықтар контентімен алмасып, еуропалық әріптестердің шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік береді.

Аймақтық тілшілер қосыны:

Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Түркістан.

Халықаралық тілшілер қосыны:

АҚШ, Бельгия, Германия, Түркия, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Франция.

Хабарласу үшін: 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй

«24KZ» телеарнасының жаңалықтар бөлімі: +7 (7172) 757-485

«24KZ» телеарнасының бағдарламалар бөлімі: +7 (7172) 757-647

Коммерциялық дирекция +7 (7172) 757-556


«Хабар» өңірлерде

«Хабар» өңірлерде

«Хабар» в регионах



Тілшілер қосынының бас ғимараты Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінде орналасқан. Біздің өкілдіктеріміз Қазақстанның әр аймағында жұмыс істейді: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Түркістан.

Барлығы соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталып, еліміздің түпкір-түкпіріндегі қосынымызға жерсерікпен байланыстырылған телевизиялық ықшам станциялар орналастырылды. Біздің білікті тілшілеріміз кез келген облыс орталықтарынан тікелей эфирге шығуға мүмкіндік алды. Заманауи үлгімен жасақталған құрылғы НD форматында эфирлік толқында таралуда.

Біз Қазақстанда болып жатқан әрбір оқиға туралы аса қызықты да сапалы материал жасап, еліміздің тыныс-тіршілігімен өз көрермендерімізді дер кезінде таныстырып тұруға тырысамыз.

Бізбен байланыс:
010000, Астана қ., Қонаев көшесі, 4 («Қазмедиа орталығы»)

+7 (7172) 757 488
+7 (7172) 757 788
+7 (7172) 757 487

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Алматы филиалы: Желтоқсан көшесі, 185, +7 (727) 2583-610, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (Канцелярия): +7 (7172) 757 575, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 


Qazaq TV

Qazaq TV

Qazaq TV – Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутниктік телевизиялық арнасы.

Qazaq TV алғаш рет 2002 жылдың 25 қазанында Caspionet деген атауымен хабар тарата бастады.

Қазіргі таңда Qazaq TV – Қазақстан туралы шынайы ақпарат беретін заманауи имидждік арна.

 Телеарна эфирі елдің қоғамдық және мәдени өмірі, сондай-ақ Қазақстанның тарихына, дәстүріне, табиғаты мен көрнекті тұлғаларына арналған жобаларан тұрады.

Тәулік бойы хабар тарататын халықаралық телеарна қазақ, ағылшын, орыс, қырғыз, сондай-ақ өзбек тілдерінде қажетті дыбыс жолын таңдауға мүмкіндік береді. 2020 жылы Qazaq TV телеарнасы Galaxy 19, Hotbird 13, MeaSat спутниктері арқылы SD хабар тарату стандарттарынан HD-ке ауысу процесін толығымен аяқтады.

Qazaq TV телеарнасы HD форматында қазақ, ағылшын, орыс, қырғыз және өзбек тілдерін қамти отырып,  Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия мен Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдерін қоса алғанда, әлемнің 120-дан астам еліне  спутниктік хабар таратуда.

2019 жылдан бастап Yamal 401 спутниктік платформасына сигнал шығарудың арқасында телеарна HD стандартына сай, Ресей Федерациясының ақылы теледидар операторларының кабельдік желілерінде қолжетімді болды.

 

Біздің байланысымыз: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 4

Qazaq TV телеарнасының жаңалықтар бөлімі: +7 (7172) 757-498

Qazaq TV телеарнасының бағдарламалар бөлімі: +7 (7172) 757-648

Сату және қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 757-556


«Білім және Мәдениет»

«Білім және Мәдениет»

2014 жылдың қаңтар айынан бастап «Білім және Мәдениет» арнасы телекеңістікке жол тартты. Бұл мерзімге дейін «Білім» де, «Мәдениет» те республикалық деңгейдегі әртүрлі бағытта жарыққа шығатын арналар болатын. 

Бүгінде жаңа арнаның бағыт-бағдары бірегей мәдени-ақпараттық кеңістік құру, қоғамдағы адам құндылықтарын насихаттау, эстетикалық талғам мен зияткерлік қабілеттері арқылы адамдардың жалпы мәдени деңгейін көтеру, отандық мәдениеттің рухани-адамгершілік дәстүрлерін дамыту арқылы жаһандану үрдісінде халықтың өзіндік бет-бейнесін сақтау; ғылыми-танымдық ақпаратты ұсыну арқылы білімді игерудің жаңа формаларын ұсыну, еліміздегі ғылым мен білімде төңкеріс жасаған тұлғаларды көпшілікке таныту. Әсіресе «Алтын қорда» сақталып жатқан інжу-жауһарларға айналған қазақ және шетелдік фильмдерді көрсету де арнаның негізгі бағыттарының бірі. 

Арнаның алға қойған мақсаты - күрделі дүниелерді көпшілікке нақты әрі түсінікті жеткізе білу. Көпшіліктің қызығушылығын арттырар ой–идея тастау. Жас буынды алға жетелеу. Жол көрсету. 

Бүгінде «Білім және Мәдениет» арнасынан 30-дан астам әртүрлі жанрда жобалар жарыққа шығуда. Солардың ішінде «Астана онлайн», «Кітапхана», «Әңгіменің ашығы», «Ұлы дала мәдениеті», «Атакәсіп», «Өмір. Театр. Кино» , «Ғылыми кеңес», «Тағдырластар», «Астанаға саяхат», «Ғажайып туынды», «Жасампаз ғылым», «Эксклюзив» бағдарламаларын айтуға болады.


«El arna»

«El arna»

«El arna» – ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР ОТАУЫ
«El arna» телеарнасының басты миссиясы – қазіргі қоғамның тілінде сөйлейтін, заманауи тақырыптар төңірегінде ой қозғайтын, жастардың сұранысына жауап беретін, сондай-ақ ойлы әрі көңілді көрермен қалыптастыратын контент ұсыну.
Күн сайын тәулігіне 24 сағат хабар тарататын арна эфирінде әртүрлі жанр мен форматтағы фильмдер, телехикаялар көрсетіледі. Олардың қатарында қысқаметражды ленталар бар. Аталмыш санаттағы туындылар арнаның шығармашылық тобы түсірген жұмыстармен толығып отыр. 

«El arna» телеарнасы 2017 жылдың 27 наурызында іске қосылған. Республика аумағында міндетті түрде таралуы тиіс теле және радиоарналардың тізіміне кіреді.

Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 30/1

Байланыс телефондары: + 7 7172 70 10 97, +7 7172 70 10 69