Хабар телеарнасы

Ауа Райы Болжамы бойынша барлық жаңалықтар

Демалыс күндері республиканың көптеген аймағында күн салқындайды

Демалыс күндері республиканың көптеген аймағында күн салқындайды

Белсенді циклон Еділден Қазақстанның солтүстік облыстары арқылы Батыс Сібірге қарай жылжып келеді. Сондықтан бұл жерлерде демалыс күндері жаңбыр, қатты бұршақ, кей жерлерде екпінді жел 17-25м/с және ауа температурасы нормадан 2-5ºС төмендеуі күтілуде. 

Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады

Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның  басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады және жел күшейеді, республиканың солтүстік  өңірлерінің кей жерлерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте екпінді жел шаңды дауылмен болады, республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің кейбір жерлерінде ауа райы жаңбырлы болады

Еліміздің кейбір жерлерінде ауа райы жаңбырлы болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республикамыздың кей жерлерінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, ал еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын найзағаймен  күтіледі, екпінді жел болады, солтүстігінде күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Қазақстанның барлық аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның барлық аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде жауын-шашын найзағаймен күтіледі, солтүстік-батыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте жел шаңды дауылмен болады, солтүстік, слтүстік-батыста тұман бақыланады.