Хабар телеарнасы

Ауа Райы Болжамы бойынша барлық жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

«Бүгін және алдағы екі тәулікте, яғни 30-31 қаңтарда температураның төмендеуі мен мұз қатуына байланысты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Сырдария өзенінде мұз түзіліп, су мөлшерінің жоғарылауы, судың тасуы мен су деңгейінің көтерілуі мүмкін», – деп хабарлады синоптиктер.

21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек батыста, солтүстік-батыста аздаған қар күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар, бұрқасын болып, жел күшейеді. Республиканың кей өңірінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің 15-20 м/с-қа күшеюі, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, Павлодар облысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының кей жерінде жел, тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. Маңғыстау облысында тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады, желмен бірге бұрқасын болады, тұман, көктайғақ, тек қиыр оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тек республиканың шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.