Хабар телеарнасы

Өңірлік Тілшілер Желісі Департаменті бойынша барлық жаңалықтар

Өңірлік тілшілер желісі департаментінің Түркістан қ. тілшілер қосынының меншікті тілшісі

Өңірлік тілшілер желісі департаментінің Түркістан қ. тілшілер қосынының меншікті тілшісі

Лауазым сипаттамасы

Құрылымдық бөлімше

Өңірлік тілшілер желісінің департаменті

Локация

Жезқазған қ.

Жұмыс тәртібі

5/2  

Жұмыс сипаты

5/2

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

- алдағы оқиғалар туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен байланысты қамтамасыз ету;- өңірде болып жатқан оқиғаларға жедел ден қою;- ӨТЖ басшысына түсірілім себептері пайда болған кезде алдағы түсірілім туралы хабарлау;- түсірілім үшін оқиға орнына, оның ішінде негізгі жұмыс орнынан тыс жерлерге бару;- оқиға орнына келгеннен кейін дереу ақпарат жинауға кірісу, түсірілім тобының, ӨТЖ телеоператорының, ӨТЖ ЖТС инженерінің жұмысын ұйымдастыру;- күтпеген жағдайлар туындаған кезде ӨТЖ басшысына қолжетімді байланыс құралдары арқылы көзделген түсірілім шарттарының (уақыты мен орнының) өзгергені туралы хабарлау;- түсірілім аяқталғаннан кейін қысқа мерзімде ӨТЖ өңірлік редакторларына уақтылы беру үшін материалды өңдеуге және мәтін жазуға кірісу;- тікелей қосылу үшін ақпаратты уақтылы дайындау;- қажет болған жағдайда материалдарды тікелей эфирге шығару кезінде ЖТС режиссерінің функцияларын жүзеге асыру;- алынған ақпараттың дұрыстығын бақылау;- мәтінді ӨТЖ өңірлік редакторларына бекітуге ұсыну, содан кейін оны монтаждауға кірісу;- монтаждау сапасын оның барлық кезеңдерінде бақылау;- өңірлерден Қоғам Арналарының редакциясына ақпараттарды, сюжеттер мен бейнелердің мәтіндерін және басқаларын жедел беруді қамтамасыз ету.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

«Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Білім» мамандықтар тобы бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Журналистика, БАҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Не ұсына аламыз:

- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар (жылына 4-5 рет);

- әлеуметтік қолдау (бір жыл жұмыс істегеннен кейін еңбек демалысына берілетін емдік жәрдемақы);

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (хат тақырыбында өтініш берген бос орынды көрсету).

Сұрақтар туындаған жағдайда, «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның HR-бөліміне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электрондық мекенжайға жаза отырып хабарласа аласыз. HR қызметінің телефоны: +7 (7172) 757 495.                                                     

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii. Материалдарды кез-келген пайдалану www.khabar.kz сайтына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.