Хабар телеарнасы

Еуроодақтың арнайы елшісі сұхбат берді

Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Буриан арнамызға берген сұхбатында осылай деді.

Айта кетерлігі, биыл Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы қабылданбақ. Арнайы өкілдің сөзінше бұл екіжақты ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Петер Буриан, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі:

- Жаңа стратегия Орталық Азия арасында берік қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Ол үш бастамаға негізделеді. Олар – заңның үстемдігі, білім және қоршаған орта мен су мәселелері. Сондай-ақ екі аспектіге назар аударылған. Атап айтқанда, экономикалық ынтымақтастық, жекеменшік сектор және бизнестің дамуы. Оған қоса Еуропа пен Азияны байланыстыру бойынша стратегияны жүзеге асыру барысы қарастырылған.