Хабар телеарнасы

Павлодарда «Мектепке жол» акциясы аясында мың жарым оқушыға көмек көрсетілді

Көмекке зәру бір де бір бала шет қалмайды. Кеңсе тауарлары, сөмке, мектеп формасы, спорттық киімдерге тапсырысты ата-аналар мен қамқоршылар бере алады. Қазір демеушілердің көмегімен 2 млн теңгенің тауары таратылды. Бұл іске облыс орталығындағы ірі сауда үйлері, іскер азаматтар, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары белсенділік танытуда. Қалалық білім беру бөлімінің мамандары әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді анықтау мақсатында рейдтер өткізеді. 1 маусымда басталған акция 30 тамызға дейін жалғасады.

Нұрия Қарағаева, қамқоршы:

- Мына кішкенай немеремнің әжесімін және қамқоршысымын. Қызым №41 мектепте 4-сыныпта оқиды. Осы акция аясында жақсы киім-кешек алып, мектепке дайындалып жүрміз. Қуаныштымыз, рахметімізді айтамыз.

Қобыланбек Қожин, қалалық мәслихаттың депутаты:

- Кейбір жанұялардың уақытша мүмкіншілігі болмауы мүмкін. Осы жерде сертификаттар беріп, канцелярияға жолды көрсетіп отырмыз.