Хабар телеарнасы

Қуғын-сүргін құрбанының хаттары маңызды құжатқа айналды

ШҚО тарихи-өлкетану мұражайы ерекше естеліктермен бөлісті. Зерттеушілер 1939 жылы тұтқындалып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Борис Лапиннің Өскемендегі туысқандарына жазған хаттарын көрсетті. Ондағы әр сөйлем қайғы мен қасіретке, сағыныш пен үмітке толы. Ең таң қаларлығы, ол бір хатын журнал, кітап беттеріне жазса, тағы бір хатын қайың қабығына, папирусқа жазып, амалдап отбасына жолдап отырған. Чита облысындағы лагерьден келген хаттарды марқұмның туыстары музейге өткізген. Борис Лапиннің жазбалары – сол кездегі лагерь өмірінен үлкен хабар беретін маңызды құжат.

Фарида Бегімханова, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайдың бөлім меңгерушісі:

- Ол хаттарында өзінің отбасына деген сағынышын, сол кезде лагерьде жүргендегі ауыр жағдайын суреттеп, екі қызының жағдайын сұраған. Өзінің бақшасының қалай өсіп тұрғанын сұрап, гүлдері жиналды ма деген сияқты отбасына тиісті сұрақтарын сағынышпен жазған.