Хабар телеарнасы

ҚР Президенті: Ұлттық табысты әділ бөлу – стратегиялық маңызды дүние

Сондай-ақ Мемлекет басшысы: «Ұлттық табысты әділ бөлу – стратегиялық дүние» деп мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мемлекет бюджеттің қаражатын ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлуі қажет. Осы орайда елдің еңбек нарығындағы жағдайы туралы мәліметтер келтіре кетсек: Биылғы II тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы жұмысқа жарамдылар саны – 9,2 млн. Жалпы 8,8 млн адам еңбек етеді. Бұл – жұмысқа жарамды халықтың 66,7%. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 0,1% кем. Жұмыссыздар саны – 441 800 адам. Осылайша жұмыссыздық деңгейі 4,8%.