+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров қызметіне қайта кірісті

  • Категория: Сюжеттер
Bagdat Manzorov
Bagdat Manzorov

Ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров қызметіне қайта кірісті.

Шенеунік жұмысқа шықты. Бұған еліміздің Бас прокуратурасының аталған қылмыстық істі тоқтатуы себеп болған.

Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіндегілер Бас прокуратураның шешімімен келіспейтіндерін айтып, қарсылық хат жөнелтті.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы ақпарат өткен айдың соңында тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері оның үстінен қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлімі, яғни «қызмет бабын пайдаланып, ірі көлемде алаяқтық жасау» дерегі бойынша іс қозғалғанын мәлімдеген еді. Іле-шала тергеу изоляторына қамалып, артынан үйқамаққа алынған шенеуніктің кеше өз қызметіне қайта оралғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде желдей есті. Бас прокуратураның Бағдат Манзоровқа қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатуы себеп болған. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіндегілер бұл шешіммен келіспейді. Дегенмен олар ғаламтор арқылы тарап кеткен бейнежазбаға қатысты жарытып ештеңе айта қоймады.

Қанат Сүлейменов, СЖҚК агенттігі бірінші департаментінің бастығы:

- Мен айттым сізге, бас прокуратураның шешімімен келіспей, қарсылықты жібердік. Қазір рас па, рас емес пе екенін айта алмаймын. Тергеудің құпиясын тек қана прокуратураның рұқсатымен айтуға болады.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров жұмысқа шықты. Жұмысқа шыға салысымен әкімдіктің кезекті жиынына қатысты. Енді болған оқиғаға байланысты ол кісі жұмысқа кірісе сала, өзінің кәсіби шеберлігін танытып, қазірдің өзінде көптеген мәселені қолға алуда.

Шенеунік өзінің қарамағындағы басқармалар мен мен квазимемлекеттік мекемелер басшыларымен кездесіп, өзінің бұған дейін берген тапсырмалардың орындалуы барысын пысықтады. Сәйкесінше жаңа тапсырмалар жүктеді. Алматы облысы әкімдігінің өткен 9 айдың қорытындысына арналған отырысына да қатысты. «Ол алдағы уақытта бірқатар спорттық шараны жоғары деңгейде өткізуге атсалысады», – дейді облыстық әкімдіктегілер.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Сондай-ақ оның қарамағында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері тұр. Мұның ішінде облысты газдандыру мәселесі бар. Өкінішке орай кейбір аудандарда осы газдандыру мәселесі кенжелеп тұр. Сол мәселені қолға алып, түзетуге барын салады.

Әріптестерінің Бағдат Манзоров туралы пікірлері осындай. Ұсталды, қамалды, үйқамаққа алынды, қазір жұмысына кірісіп кетті.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары

Загрузка...