Хабар телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана Клубының» V отырысы өтті

Біздің ел тараптарды татуластыруға дайын. Елордада өткен «Астана клуб» форумында Елбасы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы шиеленісті тек тілдесу арқылы ғана шешуге болатынын айтты. Ал арпалысып жатқан әлем алпауыттары түптің-түбінде бір тоқтамға келеді. Тек кері тартпай, келісімге келу қажет. Тұңғыш Президент жаһандық сын-қатерлерге төтеп беретін бірнеше бастама көтерді.

Қазір жаһанды қырғи-қабақ соғыстың елесі жайлап жатқандай. Өзара ымыраға келе алмаған алыптар бір бірімен арбасуын тоқтатар емес. Халықаралық құқықтық нормаларды жиі бұрмалайды. Жуырда ғана орта және шағын қашықтықтағы ракеталарды жою жөніндегі келісім бұзылды. Бұл – жаһандық әрі аймақтық қауіпсіздік үшін үлкен соққы. Мұндай шиеленісті тездетіп шешпесе, әлемдік ахуал күрделене түспек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Соперничество между мировыми державами вышло на новый уровень. Взаимные санкции, торговые воины стали нормальностью в текущих отношениях между США и КНР. Агрессивная риторика, экономические также санкции стали основным языком общения между Западом и Россией. Ситуация усугубляется отсутствием постоянных каналов коммуникаций, что подрывает перспективы восстановления стратегической стабильности. Противостояние между ведущими державами автоматически переносится на многие горячие точки Евразии, усложняя без того сложный процесс мирного урегулирования в Сирии и Украине. А Brexit стал ключевым антиинтеграционным событием последнего времени.

Жер-жерде қақтығыстардың қылаң беруі алып державалар арасындағы сенімсіздіктен туған. Яғни ешкім ешкімге сенбейді. Ешнәрсеге кепілдік бермейді. Сондықтан тұтас құрлық үшін қауіпсіздік мәселесін бір пысықтап алмаса болмайды. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тың жолын ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Необходимо критически переосмыслить основные подходы формирования общеконтинентальной архитектуры безопасности. Назрела необходимость создания полноценной евразийской модели безопасности, которая совместит европейскую, азиатскую, региональные системы. В 2020 году исполняется 10 лет с момента принятия Астанинской декларации ОБСЕ, в которой была отмечена важность формирования единого сообщества евроатлантической евразийской безопасности. Эти вопросы могут эффективно решаться при объединении потенциалов совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии, которое сегодня объединяет 27 государств азиатского континента и Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе.

Қазір Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы да әлемдік ахуалды ушықтырып тұр. Сондықтан Елбасы: «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнің кейбір тұстарын өзгерту керек», – дейді. Келісімнен шыққандарға жауапкершілікті күшейту керек. Сосын қарусыздандыру мәселелері ашық айтылатын жаһандық алаң құрған дұрыс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Мы видим, что в мире растет запрос на создание авторитетной глобальной платформы для продвижения повестки ядерного разоружения и нераспространения. С учетом этого считаю необходимым инициировать создание глобального альянса лидеров за безъядерный мир. Ведущие мировые ученые, авторитетные политики, дипломаты могли бы объединить свои усилия в деле нераспространения ядерного оружия. Предлагаю обсудить это участникам нашего клуба, перспективы создания такого международного объединения.

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитті екі жыл сайын өткізуге болады. Мұндай жауапты жиынды өз жерінде ұйымдастыруға Қазақстан қашан да дайын және Ресей мен Украинаға арағайын болып, арнайы алаң ұсынып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Я считаю, что нужна отдельно личная встреча Президента России и президента Украины. Потому что решается между двумя государствами, а не всеми. Я разговаривал о том, возможна ли такая встреча тет-а-тет, обговорить все вопросы. Мне кажется, сейчас момент хороший.

Көршімен татудың көңілі тыныш қашан да. Егер Ауғанстанда хаос орнаса, Иранның қауіпсіздігі туралы айту қиын. Сириядағы соғыс аяқталмаса, тұтас аймақта тыныштық орнамайтыны анық. Сондықтан қауіпсіздік мәселесін бірлесе шешу керек.

Джейкоб Френкель, «JP Morgan Chase International» компаниясының басқарма төрағасы:

- Осыдан 25 жыл бұрынғы Нұрсұлтан Әбішұлының ЕАЭО құру идеясы өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан – Еуропа мен Азия арасындағы сенімді көпір іспетті және аймақтағы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Қазіргі жаһандық үрдістер, жаңа технологиялар дамудың жаңа бағдарламасын түзуді талап етіп отыр. Осы орайда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы, 100 нақты қадамы ұлттың әлеуетін арттыруда маңызы зор.

Шараға бұл жолы әлемнің 23 мемлекетінен делегат қатысты. АҚШ, Қытай, Ресей, Испания, Италия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея секілді алыптар бар. Бұл ортада айтылған ой мінбердің маңында қалмайды. Мыңдардың, миллиондардың құлағына жетіп, ой салады.

Мұхаммед Жавад Зариф, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі:

- Мен АҚШ-тағы 2001 жылдың 11 қарашасындағы әйгілі оқиғадан кейін Нью-Йоркте болдым. Нью-Йорктегі халықтың көзінен сонда мен үрейді көрдім. Қарулануға ең көп қаржы салатын қуатты державаның өзі қауіпсіздікті сатып ала алмайды. Әлем елдері бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Сол себепті қауіпсіздік немесе экологиялық мәселелер белгілі бір мемлекеттің ғана проблемасы емес екенін ескеру керек.

Шынар Асанқызы, тілші:

- Қазақстан – әлемдік экономикаға кіріккен ел. Ендеше геосаяси егестен туған дағдарыс бізді айналып өтпейтіні анық. Сондықтан қысылтаяң кезде маңызды шешім қабылдай білу – көрегендік. Бұл орайда Қазақстанның ұстанымы біреу: Жеткізбейтін мұрат жоқ. Ал сол мұратқа революциялық емес, эволюциялық жолмен ұмтылған абзал. Өйткені саясаттың өзі жоқты бар етуші өнер.