Хабар телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында үлкен айналма жол ашылды

Елорда арқылы өтетін транзиттік көлік иелері үшін енді мұндай мәселе болмайды. Бас қаламыздың үлкен айналма жолының соңғы бөлігі ашылды. Ол арқылы қай бағыттарда қатынау жеңілдейді?

60 млрд теңге, 2 жыл уақыт. Міне, нәтижесі халықаралық стандартқа сай келетін, ұзындығы 34 шақырым, төрт жолақты дәлізі салынып бітті.

Ердәулет Байдуллаев, тілші:

- Жоба аясында 4 жол айрығы мен 3 көпір бар. Мұның барлығы Павлодар, Қарағанды, Көкшетеу бағытынан келетін көліктердің қалаға кірмей өз сапарын сәтті жалғастыруы үшін жасалған.

Сондай-ақ осы инфрақұрылым арқылы әуежайға бару, қала маңындағы елді мекен тұрғындарының өзара барыс-келісі де айтарлықтай жеңілдейді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Бұл – маңызды жоба. Елордамыздың дамуы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше назарында. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы инфрақұрылымының дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді. Елорда қарқынды дамып, тұрғындар санының өсуіне байланысты оның көлік-инфрақұрылымының дамуына басты назар аударылды. Осы ретте бұл жол Нұр-Сұлтан қаласының көлік-инфрақұрылымы дамуына серпін береді.

Сонымен жоба ресми түрде ашылып, барлық көлік түрі үшін пайдалануға берілді. Міне, олардың алғашқы легі.

Жоба құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Мамандардың айытуынша, нәбәрі екі жылда негізгі жұмыс аяқталды.

Ұлан Әліпов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- 1-категория төрт жолақты болып келеді. Ортасы бөлінген. Жалпы қазір жүріс бөлігін ашып отырмыз. Көліктер жүреді. Толықтай келесі жылы тапсырылады.

Қалған жұмыстар ол – жол белгілерін орнату мен жол жиектерін тегістеу. Айта кетейік, дәліздің кей бөлігі сулы-батпақты жерден өткеніне қарамастан, жоба белгіленген уақытынан бұрын пайдалануға беріліпті. Ол үшін 700 техника мен 1100 адам еңбек етекен.

Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Сұлтан Қалдыбеков