Хабар телеарнасы

Павлодарлық ұстаздар еріктілікпен және спортпен айналысады

Білікті кадрларды даярлайтын ірі білім ошақтарының бірі ұжымдық келісімшартқа өзгертулер енгізіп, құжатқа қол қойды. Бұл – осындай игі бастама көтерген алғашқы университет. Тағы бір жаңалық: оқу орнына жұмысқа қабылдау барысында еріктілікпен айналысатын мамандарға басымдық беріледі. Бүгінде оқу орнында 100-ден астам белсендімен 10-ға жуық бірлестік бар. Олар түрлі салаға жұмылдырылған.

Жанарсын Қапенова, Аударма ісі және шетел филологиясы кафедрасының доценті:

- Ерікті бірнеше тілді меңгергені жөн. Өйткені көптілділікке басымдық береміз. Біздің белсенділер кем дегенде үш тілде сөйлеуі қажет. Бұл тұрғыда тәжірибеміз мол. Халықаралық EXPO-2017 көрмесі өткенде біздің университет еріктілерді даярлау орталығын құрды. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз жалғаса бермек.

Карина Закарина, еріктілер мектебінің үйлестірушісі:

- Еріктілер бір ай бойы даярланады. Оқыту үрдісі барысында экология, әлеуметтік сала, медиа салаларын таңдай алады. Даярлық соңында жобаларын қорғап, кейін жүзеге асырады. Келер жыл Еріктілер жылы болып жарияланғандықтан, жоспарымыз көп.