Хабар телеарнасы

Талғар қаласындағы тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды

Бұрын тұрғындар мұндай пәтерлерді өздері жылытуға мәжбүр болса, енді олар да көгілдір отынның қызығын көре бастады. Ол үшін 15 шағын жылу орталығы салынды. Соның 14-і жұмыс істеп тұр. Ол 3300-ден астам абонентті жылумен қамтамасыз етуде. Қазір қалада осындай 2 мыңнан астам пәтерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Асқар Кенженов, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

- Бірінші кезекте 4 және 5 қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуға басымдық берілді. 2-3 қабатты үйлерге де біртіндеп жылу барады. Мұндай жобалар болашақта Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарында да жүзеге асады. Қазір жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.