Хабар телеарнасы

Мейірімділікті жанына жалау еткен 50 қазақстандық премия иегері атанды

Бұл ықылас қайырымды жандарға арналды. Жоба аясында ерекше іс-әрекеттерімен көзге түскен 50 қазақстандық премия иегері атанды. Бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен жанашырлар «Отанды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» алғысқа бөленді. Оның ішінде «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Үздік ұйым», «Туған өлке» аталымдары бар. «Ұлы дала халқы ертеден қайырымдылыққа бүйрегі бұрып тұратын халық», – деді министр.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Қайырымдылық жасау, филантропия – біздің қоғамның ортақ дәстүріне айналған дүние. Ерекше қасиет ерте заманнан қанымызға сіңген. Қазақ жерінде революциялық кезеңде 1000 медресе мектеп балаларды меценаттардың көмегі арқылы оқытқанын тарихтан білеміз. Қазақ халқын қайырымды, мейірімді іс-әрекеттерсіз елестету қиын. Сондықтан осы дәстүрді ұстанғандардың ізгі ниетін мойындау, марапаттау өте маңызды деп ойлаймын.