10:20 Әрі қарай: Телесериал «Листопад»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ЕАЭО-ға кіргеннен кейін Қырғызстанда индустрияландыру қарқыны еселеп артты

EAEO EAEO

Кезінде елде тоқтап қалған кәсіпорындар қайта іске қосылып, экспортқа бағытталған зауыттар көбейген.

Әзербайжанда да жаңа өндіріс орындарының саны көбейіп жатыр. «Дегенмен өнеркәсіптің әрі қарай дамуы үшін инновацияға басымдық берген жөн», – дейді сарапшылар.

ЕАЭО-ға кірген соң Қырғызстанда индустрияландыру үдерісі артты. Үкімет тоқтап қалған кәсіпорындарды жаңғырту бағдарламасын қабылдап, ірі корпорациялар мен кәсіпкерлер фабрикалар сала бастады. Әсіресе жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамып келеді. Киім-кешек Ресей мен Қазақстанға көптеп шығарылып жатыр.

Мұхаммедкалый Абылгазиев, Қырғызстан Премьер-Министрі:

- Үкіметтің мақсаты – өнеркәсіпті дамыту. Экономикамызға қаржы құйғысы келетін әр кәсіпкер ісін қолайлы жағдайда жүргізуі тиіс. Бұл – министрлер кабинетінің міндеті. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл бағытта біраз жетістік бар. Былтырғымен салыстырғанда, экономикаға салынған инвестициялар көлемі 60% артты.

Соңғы екі жылда Қырғызстанда 20-дан астам кәсіпорын ашылған. Ал өнеркәсіптік өндіріс өсімі 5-тен 21% жеткен. Экспортталатын өнімнің ең үлкен үлесі 75% өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Нәтижесінде биыл 9 айда экспорт көлемі 11% өсті.

Замирбек Аскаров, Қырғызстан Премьер-Министрінің орынбасары:

- ЕАЭО-ға мүшелік Қырғызстан үшін тиімді. Ең алдымен, біз бірлестікке кіретін өзге елдермен дәрежеміз бірдей. Бұл барлығымен тең жағдайда сауда жасауға мүмкіндік береді. Жеңіл өнеркәсіпте экспорт көлемі күрт артты.

Шикізаттық емес салаларды дамытуды қолға алған тағы бір ел – Әзербайжан. Соңғы жылдары 5 өндірістік парк ашылған. Онда шығарылатын тауар құны – 900 млн доллар болды. Алайда инновациялық өндіріс орындарына инвесторлардың қолдауы қажет.

Эльшад Мамедов, сарапшы:

- Өндіріс көлемін арттыру үшін инвестицияны ұлғайту қажет. Себебі дәл осы инновацияға бөлінген инвестиция ғана экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Қазір Әзербайжанның жалпы ішкі өнімінің 44% өнеркәсіптік өндіріс үлесінде. Алайда кәсіпорындарды жандандыру мәселесі шешілмей отыр. «Ол үшін инвестициялық-инновациялық саясат керек», – дейді мамандар. Себебі ең бастысы – өндірістік нысандардың саны емес, ішкі және сыртқы нарыққа шығарылатын өнімнің сапасы.

Авторлары: Меруерт Жақан, Бақыт Чермашев, Шафаг Алиева

Похожие материалы (по тегу)