Хабар телеарнасы

БАӘ Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Израиль билігі Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтау үшін ел астанасы Мэрия ғимаратының қасбетіне Қазақстанның жалауын бейнеледі. Ол түнгі уақытта жарқырап жанып, орталық алаңға сән берді. Қала билігі Қазақстанға деген ыстық ықыласын көк туды Тель-Авив көгінде желбірету арқылы білдірді. Израильдің Қазақстанға деген достық қарым-қатынасты қалай бағалайтынын осы ишарадан аңғару қиын емес.

Илана Михаэли, Тель-Авив қаласы мэрінің ТМД елдерімен байланыс жөніндегі кеңесшісі:

- Біздің қарым-қатынасымыз ерекше. Екі жақ та ынтымақтастыққа аса қызығушылықпен қарайды. Мен бұл байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенемін. Біздің елге Қазақстаннан делегация келген. Олар қаламыздағы муниципалды басқару жүйесіне қызығушылық танытты. Біз қашанда өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Әрі қазақ достарымыз да бізбен түрлі салада тәжірибесімен бөлісетіндігіне күмәнім жоқ.