+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

ШҚО-да 1074 жас бизнес ашудың қыр-сырын меңгерді

  • Категория: Сюжеттер
SHKO SHKO

ШҚО-да «Білікті маман», «Абай әлемі», «ARTзаман» «Жас маман» сынды жобалар жүзеге асырылып, өз нәтижесін бере бастады.

Әсіресе «Жас кәсіпкер» бастамасы ауылдағы белсенді қыз-жігітті кәсіпке баулуға септігін тигізді. Осылайша шалғайдағы жастар туған жерлерінің әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге атсалысып, көпке үлгі болуда.

Туған жер төрінде кәсіп бастағандардың бір шоғыры Тарбағатай ауданынан. Бүгінде бұл өлкеде 8 мыңнан астам жас тұрып жатыр. «Жас кәсіпкер» жобасына қатысып, бизнестің қыр-сырын меңгергендердің бірі – Жаннұр Тұрсынбаева. Өз ісіне тиянақты әрі алғыр ару бизнес жобасын қорғап, 505 мың теңгенің грантын иеленген. Сол қаржыға аудан орталығы Ақсуаттан шаштараз ашып, нәсібін тауып отыр. Ол: «Кішкене кезімнен сұлулыққа жақын едім», – дейді.

Жаннұр Тұрсынбаева, Ақсуат ауылының тұрғыны:

- Шаш өріп, сіңлілеріме түрлі шаш үлгілерін жасадым. 9-сыныпта оқуға түстім. Қазір бәрі жақсы. Өзімнің ойымдағыдай болды.

Тағы бір тарбағатайлық өрен наубайхана ашып, жерлестеріне дәмді өнімдерін ұсынуда. Ауыл-аймақ сұранысын зерттеп, тігіншілік цехын, қолөнер орталығын ашқандар да бар. Бұдан бөлек «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өңірге келген жастарға қолдау көрсетіліп жатыр. «Өйткені дәл осы жоба ауылдықтардың қалаға үдере көшуін тоқтатады», – дейді мамандар.

Серікқазы Садвақасов, Тарбағатай ауданының әкімі:

- Мысалы бізге бес баласымен біреу «көшіп келеміз» десе, қуана қарсы аламыз. Неге? Өйткені мектепке тағы бес бала қосылады. Сондықтан алға қойған мақсатымыз – мектепті,ауылды сақтап қалу.

Жұмысшы жастарды демеу де назардан тыс қалған жоқ. Облыс орталығында ашылған кәсіби шеберлікті шыңдау орталығы осыған айғақ.

Еркебұлан Балтабеков, Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

- «Жас маман» жобасы бойынша облыста 10 колледж анықталды, сонымен қатар 3 құзіреттілік орталығы ашылды .Осы құзіреттілік орталықтар нәтижесінде республикалық және халықаралық дәрежедегі «WorldSkills» байқауынан біздің жастар жоғарғы жетістікке қол жеткізді.

Жалпы биыл облыста 1074 жас азамат кәсіп бастаудың тетіктерін үйреніпті. Соның ішінде 800-ден астамы бизнес жобаларын қорғап шықса, 500-ден астамы нақты кәсіп ашып, нәсібін табуда.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Похожие материалы (по тегу)