+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» телеарнасында еріктілер бас қосады

  • Категория: Сюжеттер
Eriktiler zhyly Eriktiler zhyly

Елің үшін аянба! Осындай атаумен «Хабар» телеарнасында арнайы шығарылым көрермен назарына ұсынылады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген еріктілер телеарна төрінде бас қосады. Ойларын ортаға салып, келер жылдың жоспарын пысықтайды. Бұдан өзге, волентерлерден көмек алған жандар да осы жобаның қонағы болмақ.

Гүлайым Әбдірахманованың ұлына бірнеше жыл бұрын дәрігерлер «бауырдың қатерлігі ісігі» деген диагноз қойды. Баласының дертіне ем іздеп шарқ ұрған ананың қасынан сол уақытта осы еріктілер табылды. Жанына серік, көңіліне демеу болды. Гүлайымың бүгінде өзі де волонтер екен.

Гүлайым Әбдірахманова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Сол кезде жолымда жас балалар кездесті. Біреуі 15 жас, бірі 10 жас кіші болды. «Қандай көмек керек?» деп кешке жағдайымызды сұрап кетеді. Сөйтіп бір жанұя болып кеттік. Ол балаларға алғысым шексіз. Осы балаларға қосылып көзім ашылды, қазір өзімде волонтермін.

Арнайы жобада Гүлайым сияқты еріктілердің шарапатын көрген өзге де жандар бас қосады. Олар да өз ойларын ортаға салады. Еріктілер де осында.

Гүлзат Айғали, ерікті:

- Қоғамға қажет осы мейірімділік деп ойлаймыз. Қазіргі жастар бос уақытында осындай игі іс жасай алады.

Нариман Шакенов, ерікті

- Ерікті дегеніміз – өзінің аз да болса пайдасын тигізу. Меніңше, кез келген адам ерікті бола алады. Тек қана қорықпау керек.

«Хабар» арнасының еріктілерге арнайы шығарылым арнап, оларды ескеруі бекер емес. Өйткені 2020 жыл осы Волонтерлер жылы болып бекітілді. Осы жоба арқылы еріктілердің қоғам үшін маңызды екенін айтып, көрермен назарын жыл иелеріне аудару керек. Арнайы жоба 26 желтоқсан «Хабар» телеарнасында сағат кешкі 17:00-де көрсетіледі.

Әсел Тұрсынғазина, бағдарлама продюсері:

- Волонтерлер жылын бастамас бұрын біз бар-жоғымызды түгендеп алуымыз керек. Бұл жобаға ең белсенді, ең үздік деген волонтерлер қатысады. Яғни адам не себепті волонтер болуы керек? Оның маңыздылығы неде? Осы туралы жобада еріктілердің өздері айтады. Әр адамның, халықтың әл-ауқатын жақсартуда волонтерліктің маңыздылығы қандай екенін айтамыз.

Айта кетеу керек, Мемлекет басшысының бұйрғымен 2020 жыл елімізде Еріктілер жылы болып бекітілді. Қазіргі таңда еліміз бойынша 165 волонтерлік ұйым белсенді жұмыс істейді. Оның құрамында 22 мыңнан аса жас бар.

Авторлары: Азамат Әбілқайыр, Қанат Әбілдин

Похожие материалы (по тегу)