Хабар телеарнасы

Мәскеу тұрғындарын аномальді жылы ауа райы таңғалдырды

Десе де жергілікті жұрт Жаңа жыл мейрамын қарсыз қарсы алғысы келмейтіндерін айтады. Ал синоптиктер: «Қыстың басты мерекесіне дейін ақ ұлпаның түсуі екіталай» деп топшылап отыр. Есесіне Жаңа жылда шаһарда жаңбыр жаууы мүмкін.

Олеся, жергілікті тұрғын:

- Ауа райы Еуропадағыдай болып тұр. Керемет! Бірақ мереке сезілетіндей, Жаңа жыл мерекесінде қар жауса екен деп отырмыз.

Надежда, жергілікті тұрғын:

- Түрлі безендірулердің арқасында мерекелік көңіл-күйде жүрміз. Әзірге қардың жоғына аса көңіл бөлмей жатырмыз. Алайда Жаңа жылға дейін жауып қалатын шығар деген үміттеміз.