Хабар телеарнасы

Ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына мемлекеттік жәрдем беріледі

Бұдан бөлек зардап шеккендердің барлығына тиісті көмек көрсетіледі. Үкіметтік комиссияның отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді. Оның айтуынша, апатқа қатысты тергеу жүргізіліп, кінәлілер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ Асқар Мамин: «Bek Air әуе компаниясының жұмысы уақытша тоқтатылды», – деді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Алматы әуежайынан ұшып шыққан Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадық. Үкімет мүшелері және өзімнің атымнан апатта қаза тапқан жолаушылардың және экипаж мүшелері туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Жарақат алған адамдардың барлығына тез арада сауығып кетуін тілейміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі.