Хабар телеарнасы

Әуе апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Бұл іс Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігіне негізделген. Ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев ұшақтың апатқа ұшырау себебі жіті тексерілетінін айтты. Тергеу барысында барлық құжат, аудио және бейнежазба зерттеледі. Сондай-ақ ұшып-қону жолағы, ұшуды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын авиациялық қызметтердің жұмысы сараланады. Халықаралық талаптарға сәйкес, сотқа дейінгі тергеуге халықаралық авиация комитеті мен ұшақты дайындаушы зауыттың өкілдері қатысады. Қазір ұшақ құлаған ауданда тексеру жұмыстары жалғасуда.