Хабар телеарнасы

Қызылорда облысында электр желілері жаңғыртылады

Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 1 млрд 700 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған электр станциясы 50 жыл бұрын іске қосылған. Қазіргі таңда бұл нысанның 70% құрылғысының тозығы жетіп тұр. Ал өткен жылы аудандағы 18 шақырымға жуық электр желілері мен бағаналар және 3 дана трансформатор жаңартылған болатын. Бұл жұмыстарға жергілікті бюжеттен 65 млн теңге қаржы қаралды. «Жаңғырту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін аудан орталығын электр қуатымен қамту көлемі арта түседі», – дейді мамандар.

Жалғас Сүйеубаев, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары:

- Біздің ауданда 8036 абонент ба. Оның 7119-ы – жеке тұлға, қалғаны – заңды тұлға. Осы ауданда электр желісіне байланысты мәселе толық шешімін табады деп есептеп тұрмыз.