Хабар телеарнасы

Алматылық оқушылар кітапханасы, спорт залы, асханасы жоқ мектепте оқып жатыр

Дәретханасы да сыртта орналасқан. Осы білім ошағында балалары оқитын ата-аналар олардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтып, дабыл қағуда. Алатау ауданына қарасты Томирис ықшамауданындағы бұл мектеп өркениетті елдің білім ордасына еш ұқсамайды. Кезінде жатақхана болған, ал 90-шы жылдардың соңынан бастап мектеп оқушыларын қабылдаған бұл білім ордасы – «Өжет» ықшамауданында орналасқан №156 жалпы білім беретін мектептің филиалы. Бір қабатты екі ғимаратта екі ауысыммен 1-9 сынып аралығында 192 бала білім алады.

Қайрат Күншуақов, Алматы қалалық Білім басқармасы техникалық бақылау бөлімінің басшысы:

- Оқу жылы аяқталған соң, бұл ғимаратты сүріп, осындағы 2,3 гектар жерге 1 500 оқушыға арналған жаңа мектеп салу жоспарланған. Қазіргі таңда оның жобалау-сметалық құжаты дайындалуда. Құрылыс 2020 жылдың мамыр айында басталып, 2021 жылы қыркүйекте, яғни жаңа оқу жылында аяқталады деп жоспарлап отырмыз.