Хабар телеарнасы

Әскери қару-жарақты қауіпсіз сақтау туралы заң жобасы әзірленеді

Олар тыйым салынған жерге салынған. Қауіпсіздік ережелері сақталмай отыр. Ол туралы Мәжілісте соғыс жағдайы туралы заң жобасын талқылау кезінде айтылды. Мәжіліс төрағасы бейінді комитетке әскери қару-жарақ арсеналын қауіпсіз сақтау үшін арнайы заң жобасын әзірлеуді тапсырды. «Ол құжат қауіпсіздік кеңесінің тапсырмасы бойынша биыл маусымға дейін дайын болуы тиіс», – деді Нұрлан Нығматулин.

Заң жобасында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың «қорғаныс кеңесі» ұғымы енгізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың соғыс жағдайы кезінде оларды құру және оларға басшылық ету құзыреті бекітілмек. Депутаттар құжатты талқылауда әскери билеті жоқ 27 жасқа толған азаматтарға айыппұл салу ұсынылды. Мәжіліс төрағасы келтірген ресми дерекке сай былтыр әскери міндетті 48 мың адамның 30 мыңнан астамы ғана әскери билет алған.

Евгений Козлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жеке әскери билет алу – міндет. Алайда қазіргі заңнамада оның жоқтығы үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Депутаттар әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Осыған қатысты министрліктің пікірі қандай?

Мұрат Бектанов, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары:

- Қорғаныс министрлігі депутаттардың ұсынысын толықтай қолдайды. Әскери билет алудан қасақана жалтарған ер-азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Мемлекеттік органдармен бірлесіп бұл норманы қосатын боламыз.