Хабар телеарнасы

Президент жарлығымен Қ.А.Ясауи атындағы университетке ерекше мәртебе берілді

Университетте қазір 100-ден астам шетелдік студент әлемнің 4 тілінде білім алады. Білім беру қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Ерекше мәртебе оқу орнына көп мүмкіндік береді. Мысалы, университет түлектері жеке үлгідегі диплом алып шығады. Сондай-ақ Ph.D. философия докторы мен сала бойынша доктор дәрежесін тағайындап, оқу бағдарламасының мазмұнын өзі анықтай алады.

Білім беру грантының құны да артады. Ол профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын арттырып, материалдық-техникалық базаны жаңартуға мүмкіндік береді.

Болатбек Абдрасилов, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры:

- Бұл – біздің университетіміздің тарихындағы үлкен оқиғалардың бірі. Себебі бұл университетке берілген ерекше мәртебе – университеттің болашағына, дамуына үлкен бір мүмкіндік беретін шешім. Ұжымымыз бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдап жатыр. Бұл – үлкен сенім әрі болашаққа бағытталған қолдау.

Женгиз Томар, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің і вице-президенті:

- Біздің университетке мұндай мүмкіндік беріп отырған Президентке алғыс айтамыз. Біз үшін бүгін – тарихи күн. Беріліп отырған бұл мәртебе оқу орнымызды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді әрі енбі біз әлемдегі беделді университеттермен бәсекеге түсе аламыз.