Хабар телеарнасы

Өскеменде биылғы көктемде 2 мыңға жуық үйге қызыл су енуі мүмкін

Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі көктемгі қарбаласқа дайындықты бастап кетті. Жалпы қыс маусымы басталғалы бері шаһардан 74 мың текше метр қар шығарылды. Қазір 120 адам мен 60 техника тазалау жұмысына жұмылдырылған.

Дастан Ахметов, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:

- Өздерінің ауласын қардан тазалап, күл-қоқыс төкпей, маңайда өтіп жатқан арықтар мен су құбырларын таза ұстап отыру қажет. Аралап жүрген кезде қоқыстан көрінбей кеткені байқалып жатады. Сол шараларды орындаса, көп көмек тигізген болар еді деп ойлаймын.