Хабар телеарнасы

Bek Air ұшағының апатына қатысты 300 адам сұралды

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 14 сараптама тағайындалды. Бұл туралы журналистерге Мәжіліс отырысынан шыққан Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті. Қылмыстық іс төңірегінде жан-жақты зерттеу жүргізілмек. Еске салайық, «Bek Air» ұшағы 27 желтоқсанда Алматы әуежайының маңында апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан 12 адам қаза тауып, бірнеше жолаушы зардап шекті.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- 300-дей адамнан жауап алынды. «Нақты қалай болған, кім кінәлі, қандай кемшіліктер болған?» деген сауалдардың бәрін қорытындылап, шешімдер қабылданады.