Хабар телеарнасы

Елімізде бензин бағасы нарықтық сұраныспен реттеледі

Ал тұтыну көлемі 340 мың тонна болмақ. Жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы жанармай қоры шамамен 240 мың тоннаны құрайды. Сұйық отынның мұндай қоры белгілі бір мерзімге ішкі нарықты қамтамасыз етуге жетеді.

Жалпы елімізде мұнай өңдеу зауыттарының үшеуі де толыққанды жұмыс істеп тұр. Сондықтан жанармай тапшылығы байқалмайды. Мамандар бензин бағасы нарықтық сұраныспен реттелетінін алға тартады. Еске салсақ, 1 қаңтардан бастап бензин акцизі 10 теңгеге өсті. Қазір АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 152 теңгені құрайды.