Хабар телеарнасы

«Еңбек» бағдарламасын бас пайдасына шешу дерегі жиілеген

Жобаға қатысуға ниет білдіргендер көп, бірақ қорытынды жоқ. Бұл мәселені депутаттар көтерді. Мәселен, былтыр бағдарламаға 363 млрд теңге бөлінген. Оған 1 млн 300 мың адам қатысқанымен, нақты жұмыс тапқаны шамалы. Ал соңғы 3 жылда бағдарламаны жүзеге асыру барысында 88 қылмыс тіркелген. Парақорлық, лауазымын асыра пайдалану деректері бойынша 56 іс сотқа жіберіліп, 28 адам түрмеге түскен. Бұдан былай микрокредит беру, мамандарды оқыту тағы басқа шараларға жұмсалатын қаржы қатаң қадағаланатын болды.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Жергілікті жерде осы бағдарламаның тетіктерін дұрыс емес пайдаланған. Әлеуметтік жұмыс орнататын кәсіпорын ақшаны жеп қойғысы келеді. Себебі субсидияны біз жұмыс берушіге береміз. Енді оны жұмыс берушіге бермей, жұмысшының өзіне төлейміз.